Қызылордада 15 жастағы жігіт ағасын өлтіріп, құдыққа тастаған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
612

Қызылордада 20 жастағы жігіттің өліміне 15 жастағы інісі күдікті деп  танылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қызылорда облысында 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қоғам назарын аударды. Тергеу мәліметінше, марқұм азаптау белгілерімен көз жұмып, оның денесі кейін құдыққа тасталған

Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін таныған. Қазіргі уақытта жасөспірім тергеу изоляторына қамалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Марқұмның ата-анасы бұл жағдайға қатысты күмән келтіріп, бір ұлынан айырылғанын, енді екінші ұлының тағдырына алаңдап отырғанын айтады. Олардың сөзінше, тергеу жан-жақты әрі әділ жүргізілуі тиіс.

Құқық қорғау органдары әзірге істің толық мән-жайын жариялаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Грекияда чемоданнан мәйіті табылған британдық туристің ісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды M...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мегаполис тұрғындарына үндеу жасап, маңызды қ...