Қазақстандық баспагер Бақытжан Бұқарбай Мәжіліс отырысында Қазақстанның кітап нарығына Ресейден қауі...
Қызылордада 20 жастағы жігіттің өліміне 15 жастағы інісі күдікті деп танылды
Фото: ult.kz
137
Қызылорда облысында 20 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қоғам назарын аударды. Тергеу мәліметінше, марқұм азаптау белгілерімен көз жұмып, оның денесі кейін құдыққа тасталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті ретінде марқұмның 15 жастағы туған інісін таныған. Қазіргі уақытта жасөспірім тергеу изоляторына қамалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Марқұмның ата-анасы бұл жағдайға қатысты күмән келтіріп, бір ұлынан айырылғанын, енді екінші ұлының тағдырына алаңдап отырғанын айтады. Олардың сөзінше, тергеу жан-жақты әрі әділ жүргізілуі тиіс.
Құқық қорғау органдары әзірге істің толық мән-жайын жариялаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.