Ресей Украинаға тағы да соққы жасады

Фото: eadaily.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2559

Ресей әскері Украина аумағына қанатты және баллистикалық зымырандар, сондай-ақ дрондар арқылы жаппай соққы жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Голос Америка басылымының жазуынша, Сум облысындағы Шостка қаласында 12 көпқабатты тұрғын үй, 2 білім беру мекемесі зақымдалып, кейбір инфрақұрылым нысандары қирағанын Шостка мэрі Николай Нога хабарлаған.

Киев қаласының әскери әкімшілігінің мәліметінше, зымыран сынықтары украин астанасының Дарница ауданында құлаған. Үш жеке ғимарат пен екі көлік зақымданған.

Украина Қарулы Күштерінің мәлімдеуінше, ресейлік зымырандар Харьков облысында, Черкасс облысының солтүстігінде, Сумы мен Полтава облыстарының шекарасында, сондай-ақ Чернигов облысының оңтүстігінде байқалған.

Бұған қоса, түннен бастап Украинаға дрондар шабуыл жасап жатыр. Ел аумағында әуе дабылы жарияланды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...