Қазақстан мұсылман діни басқармасы 2026 жылға арналған Талдықорған қаласына арналған ораза кестесі ж...
Қырғыздар қазақстандық «Рэкетир 3» фильмін прокаттан алып тастады
Фото: @cinematica_kg
2404
Қырғызстанда «Рэкетир 3» фильмі прокаттан алынды. Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі жазды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Фильмнің неге қырғыздарға көруге болмайтынының нақты себебі айтылмаған.
«Құрметті көрермендер, «Рэкетир: жаңа кезеңдер» фильмі елдегі бүкіл кинотеатрдың прокатынан алынды. Билет ақысын қайтарып алу туралы кинотеатрдың әкімшілігімен сөйлесіңіздер», - деп жазылған жазбада.
«Рэкетир 3» фильмі 13 ақпанда көрерменге жол тартты. Алғашқы аптада 657,9 млн теңге табыс тапқан.