Ақтауда теңіз жағасынан әйел адамның мәйіті табылды

Фото: Lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
902

Ақтауда Каспий теңізінің жағасынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға қаладағы 4-ші шағын ауданның теңізге түсетін жолы маңында болды.

Куәгерлердің айтуынша, мәйіт табылғаннан кейін оқиға орнында жедел және арнайы қызметтер жұмыс істеген. Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті де бұл деректі растады.

4А шағын ауданында мәйіт туралы хабар 29 қаңтарда сағат 18:10-да кезекші құтқарушыға түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару бөлімінің сүңгуірлері жіберілген.

«Жедел-құтқару бөлімінің сүңгуірлері судан әйел адамның денесін шығарды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ТЖД Маңғыстау облысы.

Бастапқы ақпарат бойынша, құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын жоққа шығармайды.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады. Анықталғандай, қаза болған әйел Ақтау қаласының 60 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған мұқият тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деп хабарлады полиция департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...