Балқаштағы алаңда түйе ойқастап, ер адамның үстіне шөге жаздады

Коллаж: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2116

Наурыз мерекесін тойлау кезінде тұрғын қаза таба жаздады. Балқаш қаласының орталық алаңында түйе текіректеп, арбаға жегіліп тұрған кезінде шаба жөнелген. Жетекші жануарды тоқтатуға тырысқан, бірақ шамасы жетпеген. Осылайша түйе ер адамды құлатып, таптап кете жаздаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі Мәдениет сарайының жанында болған оқиға жайлы мәлімдеді.

"Түйемен серуендеуге жергілікті атқарушы органдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз ұйымдастырылған. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу ережелерін бұзу салдарынан түйе агрессия көрсеткен", – деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.

Полиция жануар иесіне қатысты "Көріктендіру ережелерін бұзу" және "Мал жаю қағидаларын бұзу" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

1 шілдеден бастап Қазақстанда шетелдік маркетплейстер арқылы сатып алынатын тауарларға қатысты жаңа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұрлығын жасыру үшін қарағандылық адам біреудің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды MadeniPortal.k...