Руслан Өтепбай Жетісуда күйеуінің қолынан қаза тапқан отбасы туралы тың дерек айтты

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2172

Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Талдықорғанда болған жантүршігерлік жағдайды зерттеуге барғанын хабарлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусымда Жетісу облысының Ақсу ауданына қарасты Баласаз ауылында ер адам өз әйелін өлімші етіп сабаған. 30 жастағы Айзат Маратқызын күйеуі ұрып-соққаннан кейін алдымен әйелдің ата-анасына апарып тастаған, кейін аудандық ауруханаға жеткізген. Алайда, жергілікті ауруханада жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, әйелді Талдықорған қаласына бағыттаған. Бірақ тым кеш болып, дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.

Міне, осы оқиғаны зерттеуге, марқұмның туған-туыстарын сұқбат алуға барған Руслан Өтепбай бұл туралы Instagram желісіндегі ресми парақшасында арнайы видео жариялады. Оның айтуынша, өзіне марқұмның туыстары хабарласып, көмек сұрауда.

"Айзат Жұманова 22 маусым күні көз жұмды. Оқиға Жетісу облысы, Баласаз ауылында орын алған. Марқұмның ата-анасы әділдік іздеп, шырылдап жүр. Олардың айтуынша күйеубала 32 жасар келіншекті азаптап өлтірді деп санайды. Журналистік зерттеумен Жетісу облысына келдім. Үлгеріп жатсам толық шығарылымды бүгін YouTube арнама жүктеймін", – деп жазды Руслан Өтепбай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың үшінші келіні, әнші Заңғар Нұртастың жары Индира Мауленова ү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолдан...