“Атқаныңды айтпа, ұмыт!”: Бүгінгі сот отырысында Шерзатты кім өлтіргені нақтыланды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2175

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы бүгін, 2 маусым күні тағы жалғасып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Сот процесі барысында Шерзаттың өліміне қатысты іс материалдарынан видеожазбасы бар диск жоғалып кетті.

Шерзат Полаттың отбасы жалдаған адвокаттардың айтуынша, айыпталушылар Нұрқияс Ілияс пен Абзал Шынасыл отырған тергеу изоляторында жасырын бейнекамера орнатылған.

Адвокаттар сотта сол жазбаның стенограммасын оқып берді:

— Ана әйелдің көзі қысық екен, бауырым.

— Байқамаппын, досым.

— Ол ішке үңіле қарады… Ал егер басқа жаққа қарағанда ше? Қалайша бізді қуған машиналар бізге соғылмай қалды, а? Мен таспен ұрдым.

— Мен де лақтырдым.

— Тура бір жеріне тиді. Тасты алдым да, олар бірінің артынан бірі тұрған еді. Ол жақта да машина болды. Мен тас лақтырып едім, осы жерге тиді.

— Бірақ сен атқаныңды айтпадың ғой. Мүмкін, ұмыт. Айтпа.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ер адам тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен дәрет сындырған, деп хабарлайды Mad...