Садриддин Ахмедов: 1 раундта 4 нокдауын

ЖАҢАЛЫҚТАР
3159

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) кәсіпқой рингке сеніммен оралды.



Алматыда өткен бокс кешіндегі негізгі жекпе-жекте Ахмедов 40 жастағы оңтүстікафрикалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 КО) жұдырықтасқан еді.

Жекпе-жек біржақты болды. Бірінші раундтың өзінде Садриддин Ахмедов қарсыласын 4 рет нокдаунға түсірді. Мхлонго екінші айналымға өте алмады.

Осылайша, Ахмедов кәсіпқой бокстағы 13-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол 11 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.



ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...