Бүгін Талғар қаласының тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр

Фото: kursiv.media

ЖАҢАЛЫҚТАР
1527

Бүгін, 15 желтоқсанда, Талғар қаласының тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алматы облысы Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, әкім лауазымына үш кандидат үміткер:

1. Арыстанбек Әбілқайырұлы – 41 жаста, «AMANAT»партиясынан ұсынылған, «Талғар тұрғын үй» ЖШС басшысы.

2. Қаденов Жәнібек Жанболатұлы – 33 жаста, Қазақстан Халық партиясы атынан ұсынылған, Талғар ауданы әкімдігі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы.

3. Рамазанов Әлібек Ғайсаұлы – 42 жаста, өзін-өзі ұсынған, Бесағаш ауылдық округі әкімдігі аппараты басшысының орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ жігіт өлтіріп кетті, артынша оның отбасының үйі өртенді. Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қызметінен босатылған. Содан кейін атышулы оқиғадан кейін Талғарда жаңа әкім сайланатыны хабарланып, Орталық сайлау комиссиясы сайлау күнін белгілеген еді

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...