Атырауда өлтірілгеніне бір айға жуықтаған бойжеткен туралы жаңа мәлімет шықты

Фото: Envento

ЖАҢАЛЫҚТАР
2492

Атырауда бір айға жуық уақыттан бері 23 жастағы Яна Легкодимованың денесін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мой Город порталының мәліметінше, бойжеткеннің денесі әлі табылмаған. Яна Легкодимова 18 қазанда үйінен шығып, қайтып оралмады. Бұл күні анасы Ақтауда іссапарда болған. Кейінірек 24 және 25 жастағы екі ер адам қызды өлтіргендерін мойындады. Олар бойдеткенді өлтіріп, денесін Жайыққа тастаған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар 22 қазаннан бері сүңгуір құрылғыларын пайдалана отырып, оқиға аймағында су асты жұмыстарын жүргізіп, шолу жасап жатқанын мәлімдеді.

Іздестіру жұмыстарына 5 техника, 7 төтенше жағдайлар қызметі қайығы мен полиция, сондай-ақ 20-дан аса адам жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...