«Сатқын екеніңді айтатын уақыт жетті»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбековаға ренішін білдірді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1106

Танымал продюсер Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекованың соңғы жазбасына жауап берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Күні кеше әнші Мөлдір Әуелбекова «Кешьюдің» есеп беру кешіне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Бұл бір жақты шешімге қатысты продюсер өз ойын білдірді.

"Мен фильмде оның беделін барынша көтеруге тырысқанымда, ол концертке қатыспайтынын өз бетінше шешті", – деді Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова жазбасында өзіне құрметсіздік жасалғаны жайлы айтты.

"Мен фильмде оның беделін барынша көтеруге тырысқанымда, ол концертке қатыспайтынын өз бетінше шешті. Мен енді саған сен үшін жасаған барлық ісіме түкіруге жол бермеймін", – деп жазды ол.

Продюсер әншіні "сатқын" деп атап, не себепті бұлай айтқанын кейінірек түсіндіретінін жеткізді.

"Оның неге шын мәнінде сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты", – деп жазды продюсер инстаграм желісіндегі сторисінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...