Шавкат Рахмоновтан жеңілген спортшы қазақша “сөйледі”

Фото: Видеодан алынған скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2053

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кеше, 8 желтоқсан күні Шавкат Рахмонов жеңіске жетті 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 310 аралас жекпе-жек турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді. Бұл Шавкат Рахмоновтың спорттық мансабындағы 19-шы жеңісі еді. Осыдан соң Рахмоновтың ирландиялық қарсыласы әлеуметтік желісінде қазақша жазба жариялады.

Гэрри мансабындағы алғашқы сәтсіздікке ұшырады. 
Шавкат Рахмоновтан жеңілген файтер әлеуметтік желі парақшасында қазақ тілінде құттықтау жариялады.

“Сізді және талантыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сізді қайта көретін уақытты асыға күтемін – сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін жақсы білеміз”, – деп жазды Гэрри. 

 

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...