Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буғанын айтты, де...
Қазақстанда ауа райы күрт салқындайды
ашық дереккөз
395
Синоптиктер еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасының төмендеуін болжауда, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сейсенбі, 4 тамызда, Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар өтеді.
Суық ауа массаларымен толығатын циклон өзімен бірге найзағайлы жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде нөсер жаңбыр жауып, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Сонымен қатар, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанып отыр. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +22…+27 °C шамасында болады. Ал елдің шығысында температура +27…+32 °C дейін төмендейді.