Шахматшы Бибісара Асаубаева ресми түрде жаңа атаққа ие болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1687

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық гроссмейстер атағын алған әлемдегі 43-ші әйел атанды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) 2025 жылғы екінші кеңесі маусым айында өткен болатын. Онда жаңа гроссмейстерлердің есімдері жарияланған еді, бірақ бұл шешімдер енді ғана ресми түрде жарияланды.

«Кездесудің маңызды сәттерінің бірі — он жаңа гроссмейстердің атағын бекіту болды. Олардың қатарында — қазақстандық 21 жастағы Бибісара Асаубаева бар. Ол осы беделді атақты алған Қазақстандағы екінші және әлемдегі 43-ші әйел шахматшы атанды», — делінген FIDE хабарламасында.

Айта кетейік, сол кеңесте тағы бір қазақстандық — 14 жастағы Эдгар Мамедов те гроссмейстер атағына ие болды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...