“Сыраны бүгініміз жарқын болуы үшін қайнатамыз”: Депутат Өскемендегі жосықсыз жарнамаға шүйлікті

Фото: Инстаграмнан алынды/ daulet_mukayev

ЖАҢАЛЫҚТАР
2466

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Өскемендегі сыра туралы жарнамаға шүйлікті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол Талғардағы Шерзаттың өліміне сыраның себеп болғанын алға тартты.

“Өскемендегі сұмдық: сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз деген жарнаманы қараңыздаршы. Қайдағы бүгініміз бен ертеңіміз жарқын? Елді дүр сілкіндірген Талғардағы 16 жасар Шерзаттың өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырса… Қайдағы жарқын өмір?!”, - деді депутат Дәулет Мұқаев.

Ол Мәдениет және Ақпарат министрлігіне және Шығыс Қазақстан әкімдігініне бұндай жарнамаларға жол бермеу керегін айтып ескертті.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...