Семей қаласындағы университетке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

ЖАҢАЛЫҚТАР
6487

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіне Әлихан Бөкейханның есімі берілді. Енді оқу ордасының атауы «Alikhan Bokeikhan University» болып өзгерді. Осыған орай бүгін оқу ордасының алдында Алаш көсемінің бюсті ашылды. Бұл туралы ақын Ұларбек Нұрғалымұлы өз парақшасында жазды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

Замана ағысында ұлт көшбасшысы болған тұлға есімінің университетімізге берілуінің тарихи негізі бар. Бұл сонымен қатар, университет құрылтайшылары мен білім алушыларының ел мен Семей қаласы тарихына және ұлттық мүддені ту етіп көтерген Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи қызметіне көрсеткен құрмет" деді, су жаңа Әлихан Бөкейхан университетінің ректоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Шынар Құрманбаева.

Айта кетейік, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жылдығына орай, Семей қаласында «Әлиханның Семейге оралуы» атты ғылыми конференция өтіп жатыр.

madeniportal.kz

author

Ұларбек Нұрғалымұлы

АҚЫН

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...