Менің замандастарым. Дәл осындай атаумен танымал қылқалам шебері Аманқос Ақанаев көрме өткізді. ...
Семейде ер адам аспалы көпірден Ертіс өзеніне құлап кетті
видеодан алынған скрин
573
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Семей қаласында аспалы көпірден Ертіс өзеніне құлаған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен дрон тартылды.
«112 қызметіне Семей қаласындағы Ертіс өзені үстіндегі аспалы көпірден адамның суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл түрде аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына қайықтар мен ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы ер адам Бобровка ауданынан табылып, құтқарылды», – делінген хабарламада.
Құтқарылған азамат жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.