Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында өрт шығып, бес баланың өмірін қиды, деп хаба...
Семейде көпір астындағы мұз үстінен жігіттің мәйіті табылды
Фото: freepik
882
Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер жеткізген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Олар Ертіс өзенінің мұз үстінен адамның денесін көрген.
«Ертіс өзенінің мұзында, аспалы көпірдің астынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Оқиғаның себептері, сондай-ақ қаза тапқан 23 жастағы азаматтың қандай да бір уәждері анықталуда», — деп нақтылады полиция департаменті