Экс-депутат Мақсат Толықбай «Музарт» тобына мүсін қоюды ұсынды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
377

Мәжілістің 8 шақырылымында депутат болған журналист Мақсат Толықбай көпшілік алдында «Музарт» тобына қатысты ұсынысын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«2000 жылдары қазақ жастарының басым бөлігі Ресей мен батыс мәдениетіне еліктеп кетіп бара жатқанда, ұлттық рухты қайта оятқан «Музарт» тобы пайда болды. Олар көптеген жастың бетін бері бұрып, өз өнерімен ұлттық құндылықтарға қайта оралуға түрткі болды. Кейін «Музарт» тобының жолын қуған бірнеше жаңа топтар да пайда болды. Шын мәнінде, «Музарт» қазақ эстрадасына нағыз революция әкелген ұжым», – деді ол.

Оның айтуынша, топтың шығармашылығы тарихи еңбекпен парапар. Алайда мұны көпшілік көбіне ұмытып кетеді.

«Сондықтан мен кейбір кәсіпкерлерге ұсыныс айтып жүремін: неге осы аты аңызға айналған топтың құрметіне арнап аллея салмасқа? Бұл тек мәдениет қана емес, идеологиялық тұрғыдан да аса қажет дүние. Сәкен ағамның інісі Мақат деген азамат бар. Жақында онымен ақылдастық. Ол жақын арада тұрғын үй кешенін салатын көрінеді. Сол кешенге «Музарттың» есімін беру ниеті бар екен. Көк Төбеге барғанда әлемге әйгілі жұлдыздардың «Даңқ аллеясы» мен мүсіндерін көреміз ғой. Сонда біздің де 2000 жылдары қазақ жастарының санасын өзгерткен «Музарт» тобының мүсіні мен орындығы неге тұрмасқа? Осы мақсатта қазіргі уақытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Мақсат Толықбай.

Бұрыңғы журналист әрі депутаттың ұсынысы жиылған жұрттың қолдауына ие болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбедегі "Нұр Ғасыр" орталық мешітінде тарауық намазынан кейін екі кәмелетке толмаған жасөспір...

Шоу-бизнес

Әнші Алтынай Жорабаева жұбайы Әлішердің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп...