Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Балас...
Осылай өле бере ме? Әнші Роза Әлқожа Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Фото: alash.kz
Танымал әнші Роза Әлқожа Талғар қаласында төбелес кезінде қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Skifnews.kzтілшісіне сілтеме жасап.
«Адам сенбес, ой жетпес оқиға! Тіпті, айтуға сөз жоқ сияқты?! Біз баламызға батыр бол, өжет бол, қайсар бол деп тәрбиелеп жүрміз. Ал, мына оқиғалардан соң озбырлардан қаш, құқығыңды қайтесің, қара басың аман болсын дейтін халге келдік! Өкінішті. Заң қайда, закон қайда? XXI ғасыр сияқты еді ғой, қай заманға түсіп кеттік? Ана ретінде, осы қоғамның мүшесі ретінде бізді қазір үрей билеп тұр. Ары қарай не болады деген?! Осылай өле бере ме? Не үшін өліп жатыр айтпақшы? Сол бір бөтелке сыра үшін бе бәрі? Кімнің кім екенінқұдай шешер. Бірақ, бір отбасы қырылып жатқанда қарап отыру надандық сияқты?! Әй, аңды да бұлай азаптамайды ғой?», — деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер адамдары арасынан алғашқылардың бірі болып әділдікке жету жолында үндеу жасағаны үшін Роза Әлқожаға алғыс білдіруде.