Серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген: Алматыда кәсіпкердің қылмысы белгілі болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1844

Алматы облысында кәсіпкер серіктесін өлтіріп, көлігімен бірге өртеп жіберген, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жанып кеткен көлік пен ішіндегі мәйіт Қарасай ауданындағы демалыс орнының маңынан табылды. Оқиға орнында қазір отқа оранған көліктің бөлшектері ғана қалған.

Полицейлер қылмыстық іс қозғап, көп ұзамай 43 жастағы күдіктіні ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Мәліметтерге қарағанда, екі ер адам ортақ кәсіптеріне байланысты жанжалдасып қалған. Яғни жүк тасымалдаумен айналысатын серіктестер табыстарын бөлісе алмаса керек. Кейін күдікті құрдасын балғамен ұрып, іле-шала көлігімен қоса өртеп жіберіпті.

Айта кетейік, ер адамның кінәсі дәлелденсе, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...