Экс-депутат әрі танымал кәсіпкер 13 жастағы қызды зорлады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1951

Қостанай облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өгей қызын Лисаков қаласының тұрғыны әрі танымал кәсіпкер зорлады деген болжам бар.  

НеМолчи қорының мәліметінше, күдікті қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталды.

"16 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", – делінген хабарламада. 

Олар ұсталғанның "жеке ұйымның қызметкері" екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...