“Сотталуы мүмкін”: Марқұм Шерзаттың отбасында жағымсыз жаңалық

Фото: Видеодан алынған кадр

Жаңалықтар
1910

Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті тергеп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz  Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

 Informburo.kz  мәліметінше, Қаржаубай Нұрымовтың үстінен полиция қызметкеріне қауіп төндіру фактісі бойынша іс қозғалған.

«Азамат қоғамдық орында заңға қайшы әрекет жасағандықтан, оны ұстау туралы шешім қабылданды. полиция қызметкерлеріне күш қолдану қаупі бойынша қылмыстық іс қозғалып, одан әрі тергеу үшін іс Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жіберілді», деп мәлімдеді министрлік өкілдері.  

Сонымен қатар, Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді неліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті жүргізіп жатқаны нақты көрсетілмеген.

Бұған дейін, облыстық полиция департаменті Нұрымовқа бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.  

«10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында болған заңсыз әрекеттер салдарынан көлік иесіне материалдық шығын келтірілгені анықталды. Бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен айтарлықтай асып, қылмыстық сипаттағы іс ретінде бағаланды» деп жазылған департамент хабарламасында.

Жаңалықтар

Қостанайда заңсыз криптовалюта операцияларынан 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыптылар сотталды, деп хаб...

Жаңалықтар

Әзірбайжанда жас келіншек босану үстінде мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Өлімнің нақты...