«Зейнетақы жарнасы бойынша өзгеріс»: Аймағамбетов ел асыға күткен жаңалықты айтты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1191

Бүгінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері 2,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жұмыс берушілер төлейтін зейнетақы жарнасының 5%-ының 4%-ын азаматтардың жеке шотына аудару туралы ұсыныс айтты, деп жазады MadeniPortal.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.

“Жұмыс берушінің 5% зейнетақы жарнасы бойынша өз пікірімді білдірдім. Бұл мәселе жөнінде сарапшылардың көзқарасын толық қолдаймын.

Шешім қарапайым әрі қисынды:

5%-дық жарнаны екі бөлікке бөлу:

• 4%- қызметкердің жеке шотына аударылуы керек, сонда ол осы қаражаттың нақты иесі болады;

• 1%-ынтымақты резервке бағытталып, еңбек өтілі немесе жинағы жеткіліксіз азаматтарға қолдау көрсетеді.

Еске салайын, 2024 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс берушілердің жаңа 5% зейнетақы жарналары кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Қазір басты сұрақ - бұл жарналар азаматтардың жеке есепшоттарына түседі ме, әлде МӘМС секілді ортақ қазанға бағыттала ма?

Жұмыс берушілер осы жаңа жарналарды 2024 жылдан бастап ЕНПФ-ке 1975 жылдан кейін туған қызметкерлер үшін аударып жатыр.

Маңыздысы - бұл қаражат жүйеге жай ғана кетіп қалмай, әр адам өз ақшасы екенін нақты сезінуі керек”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам айналасындағы жұртты шошытты. Полиция қызметкерлері...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2024 жылғы шілдеде Алматыда қаза тапқан студент Ақнар Гүлстанның өліміне қатысты іс бойынша әзірге е...