Сеулдегі құрылыс алаңындағы қайғылы жағдай: СІМ мәлімдеме жасады

СІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
314

Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

СІМ мәліметінше, Қазақстан азаматы құрылыс нысанында болған жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қайғылы жағдай 29 қыркүйекте болған. Қазақстандық азамат салынып жатқан ғимараттың 23-қабатында жүрген кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылған.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның еңбек саласына жауапты ведомствосы аталған құрылыс нысанындағы жұмыстарды тоқтатты.

Қазіргі уақытта жергілікті құзырлы органдар қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Депутат Айнагүл Балташева педагог-ассистенттердің еңбегіне бірыңғай талап енгізуді ұсынды, деп хабар...