Димаш Құдайберген мен Hunan TV бірлесіп халықаралық музыкалық шоу жасайды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1503

Димаш Құдайберген Қытайда жаңа халықаралық музыкалық шоу бастайды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа халықаралық музыкалық реалити-шоудың бас продюсері атанбақ. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Әншінің айтуынша, жоба Hunan TV медиа-холдингі және бас менеджер Цай Хуайцзюньмен бірлесіп жүзеге асады. Шоудың басты ерекшелігі – әртүрлі елдерден келген вокалистердің қатысуы. Түсірілімдер Қазақстанның төрт өңірінде өтеді. Осы арқылы көрермендер еліміздің табиғаты мен мәдени байлығын тамашалай алады.

Жоба бүкіл әлемге көрсетілмек. «Бұл – Қазақстанның ерекше мәдениетін миллиондаған көрерменге жеткізетін үлкен мүмкіндік», – дейді Димаш.

Әнші он жыл бұрын дәл осы Hunan TV арнасында «I Am Singer» жобасына қатысып, Қытай мен әлемге танылған еді. Енді ол халықаралық деңгейде жаңа шоу авторы әрі продюсер ретінде оралмақ.

Бұл қадам мәдени ынтымақтастық пен музыкалық байланысты нығайтып, әлем елдерінің өнерпаздарын бір алаңда тоғыстыратын маңызды бастама болмақ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...