Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1310

2026 жылдың наурыз айында елімізде екі мемлекеттік мереке – Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы – атап өтіледі. Бұл айда тұрғындар жалпы 13 күн демалуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Халықаралық әйелдер күні:

• Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 7, 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыз — жұмыс күні.

 • Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады, 10 наурызда жұмысқа шығуы қажет.

Наурыз мейрамы:

• Мереке демалыс күндеріне түсіп отыр. Қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.

 • Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 21–24 наурыз демалыс күндері, ал 25 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Бұл ақпаратқа сүйенсек, наурыздағы мерекелік күндер тұрғындарға ұзақ демалысты қамтамасыз етеді.