«Ақнәр жатақханада пышақпен қыздарды қуған»: Қаза болған Ақнәр Гүлстан туралы тың дерек шықты

Фото: abdulla_kzkz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2245

Ақнәр Гүлістан қаза тапқан күні пәтерде болған Дидар Мұқият өз шындығын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналист Руслан Өтепбайға Ақнәр қаза тапқан күні пәтерде болған Дидар Мұқият сұхбат берді. Дидар Ақнәрдің студент кезде жатақханада қыздардың пышақпен қуғанын айтты. Дидар сол үшін де Рано мен Ақнәр жанжалдасып қалғанда дәретханаға тығылған екен. Ол дәретханаға тығылып, Ақнәрдің әпкесіне хабарлама жібереді. Кейін жедел жәрдем шақырғанын айтты.

Дидардың айтуынша, Ақнәр Гүлістан сол түні қыздарды сыра ішіп отырайық деп өзі шақырған. Ал «оны ұрып, қинады» деп көрсетілген бейнежазба толық емес, сол түні «қос қыз керісінше оны тыныштандырып, сабырға шақырған». 

Дидар Мұқият түсіндіргендей, кейін екі қыз басқа бөлмелерде жасырылады. Олар қайтадан бөлмелерден шыққан кезде пәтерден Ақнәрді таппады. Содан кейін ғана олар терезеден қарап, досының секіріп кеткенін көреді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында &laq...

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...