Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 34 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1876

ТЖМ баспасөз қызметі Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 34 адам құтқарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Түн ортасында Ыргыз ауданының аттас ауылынан 15 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылар ішінде қалған 15 адамды, оның ішінде 2 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады.

Таңға жақын жоғарыда аталған жерде құтқарушылар қар құрсауынан жол талғамайтын көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, оны ең жақын елді мекенге дейін ертіп барды. Салонда 3 адам болды.

Сондай-ақ, Әйтеке би ауданында «Жүргенов-Сарат» автожолында 3 автокөлік қар құрсауында қалып, ішіндегі 2 баланы санағанда 12 адам құтқарылып, Жүргенов ауылына жеткізілді.

Таңертең Мұғалжар ауданы Жұрын ауылынан 10 км қашықтықта ТЖМ күшімен Ембі қаласына 4 адам құтқарылып, жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...