ШҚО-да жоғалған 8 жастағы баланың жағдайы белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1600

Полицейлер Сібе көлдерінде адасып кеткен баланы іздеп тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлері Сібе көлдері маңындағы демалыс базасында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапты.

Анасының айтуынша, баласы серуендеу кезінде көзден таса болған. Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз беттерінше іздеген, алайда нәтиже болмаған соң, жағалауды патрульдеп жүрген полицейлерден көмек сұраған.

Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген барлық қызметкер дереу жұмылдырылды. Көп ұзамай баланы аға лейтенант Ерсін Сұлтанов тапты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...