Странджа кубогі. Рингке шыққан 12 боксшымыздың үшеуі ғана қалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4532

Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнир Странджа кубогінде бокстан ширек финалдық жекпе-жектер өтті.

Кешкі сессияда рингке көтерілген төрт қазақстандық боксшының үшеуіне өзбектер қарсылас болды. 

48 келіде Ернұр Қайрат грузиялық Лука Кублашвилиден жеңілді. 67 келіде Темірхан Тезек өзбекстандық Бехзод Хамидовқа есе жіберді. Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловқа қарсы жекпе-жектен бас тартты. Сессиядағы соңғы жекпе-жекте, 86 келі салмақта Бекзат Таңатар да  өзбек боксшы Шохжахон Абдуллаевтан жеңілді. 

Сонымен, Қазақстан құрамасы сапынан барған 12 боксшының үшеуі ғана қалды. 

Енді қалған үшеуі де В рингінде, бүгін шығады. 

Басталуы түнгі 22:00. 

57 келідегі Оразбек Асылқұлов бесінші жұпта Абдумалик Халоковпен кездеспек. 

Тоғызыншы жұпта 75 келідегі Нұрқанат Райыс пен Алохон Абдуллаев қолғап түйістіреді. 

80 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов он екінші жұпта өзбек Жасурбек Юлдошевпен айқасуға дайын.. 

Мәдениет порталы

Шоу-бизнес

Әнші Төреғали Төреәлінің балалары көшеде билеп жүрген видеосы тарады, деп хабарлады madeniportal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы Қарадала жазығында археологтар үшін маңызды жаңалық тіркелді. Ұйғыр ауданы аумағы...