Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласына соның ішінде бала өмірін сақтап қалған...
Студент баллон шашып, тапанша мен пышақ алып, проректордың алқымына тақап қорқытқан
Фото: freepik
2053
Мәскеудегі Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының 20 жастағы студенті ұсталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Аlash.kz сайтына сілтеме жасап.
Студент проректордың алқымынан алып, пневматикалық тапаншамен, пышақпен және бұрышты баллоншамен қорқытқан.
Төртінші курс студенті емтихан тапсыруға келіп, проректордың кабинетіне кіріп, баллоншаны шашып, қорқыта бастаған.
ЖОО күзетшілері дабыл түймесін басып, Росгвардия қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына келген күш құрылымдары студентті ұстады.
Алдын ала ақпарат бойынша, студенттің бұл әрекетке баруына академия әкімшілігінің өкіліне деген жеке араздығы себеп болған. Қазіргі уақытта ол одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.