«Ыстықкөл достарын жинайды-2023» этнокарнавалының жеңімпаздары марапатталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2540

№2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қазбекұлы Жәнібек) оқушыларының «Ыстықкөл достарын жинайды-2023» ХІІІ халықаралық этно-карнавалындағы жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз.

7-12 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласындағы «Балажан» республикалық эстетикалық тәрбие беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен этнокарнавалға Қырғызстан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның барлық облыстарынан 400-ден астам бала қатысты. Іс-шараның мақсаты – Қырғызстан мен ТМД елдерінің этномәдени ерекшеліктерін зерттеу, жаңғырту және сақтау, көркемдік, музыкалық, вокалдық, хореографиялық таланттарды дамыту. Шара аясында шығармашылық байқаулар өткізіліп, «Фольклорлық ансамбль» номинациясы бойынша Гран-приді №2 Балалар музыка мектебі – Қарағанды қаласының ЮНЕСКО клубы – «Ақжелең» домбырашылар ансамблі (жетекшісі Қазбекұлы Жәнібек ) жеңіп алды. Жеңімпаздарды үлкен жеңістерімен құттықтаймыз және осымен тоқтап қалмауларына тілектеспіз!

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...