Түркістанда бес қыз тауға шығамын деп жоғалып жеткен

Сурет: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1654

6 маусым, дүйсенбі күні Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне бес кәмелетке толған қыздан құралған топтың Төле би ауданындағы Сайрамсу шыңынан түсу кезінде жолдан адасқаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

60 шақырым жол жүріп өткен құтқарушылар қыздарды Қасқасу ауылынан сегіз шақырым жерде тауып, оларды аман-есен Сайрам-Өгем ұлттық паркінің аумағына дейін алып түсті.

«Турист қыздарға медициналық көмек қажет болмады. Олар құтқарушыларға алғысын білдірді», — деп мәлімдеді ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шыққанда міндетті түрде маршрутты алдын ала зерттеп, туыстарыңызды хабардар етуге, ауа райын тексеріп, байланыс құралдарын алып жүруге кеңес береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...