Денсаулығына байланысты концерттерін тоқтатқан Төреғали Төреәлінің жағдайы белгілі болды

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2485

Танымал әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты концерттерін уақытша тоқтатқаннан кейінгі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Осыған орай жанкүйерлері оның жағдайына алаңдап, амандығын тілеп, түрлі пікірлер қалдырған еді. 

Жуырда әнші әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасап, видео жариялады. Ол өз жазбасында ораза ұстап жүрген жандарға сәлем жолдап, барша мұсылман қауымына дұға тіледі.

Ассаламағалейкум, ардақты ағайын, құрметті достар! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Алладан екі дүниенің бақытын тілейміз. Бақытты болыңыздар! – деді Төреғали Төреәлі видеода.

Әншінің бұл видеосы көпшіліктің ықыласына бөленіп, жанкүйерлері оған жылы лебіздерін білдірді. Олар Төреғалидің саулығын тілеп, тезірек сахнаға оралуын күтіп жүргендерін жазды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...