«Астана Балет» сахнасында «Күлше қыз» балетінің премьерасы өтеді, деп хабарл...
БАӘ-ден іздеуде жүрген үш қазақстандық елге жеткізілді
Фотов видеодан кадр
Біріккен Араб Әмірліктерінде іздеуде жүрген Қазақстанның үш азаматы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге жеткізілді. Операция Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігінің қолдауымен жүзеге асқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілердің бірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Ол 2019-2020 жылдары сыбайласымен бірге Астанада халықаралық орталық салуға арналған жер телімін алуға көмектесемін деп уәде берген. Осылайша жәбірленушінің 368 мың долларын иемденген деген күдік бар.
Екінші азамат денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау және бұзақылық фактілері бойынша іздеуде болған.
Үшінші күдікті 2026 жылдың жазында Астанада Қытай азаматына тиесілі 24 200 долларды ұрлады деген күдікпен іздестірілген.
Қазіргі уақытта елге жеткізілген үш азамат та тергеу изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу қайта басталды.