Биылғы 23 маусымда Шымкент қаласының соты өткен жылдың қараша айында 17 жастағы қызды күштеп алып қа...
Шымкентте 22 жастағы жігіттің өліміне қатысты тың дерек шықты
видеодан алынған скрин
161
Шымкент қаласының орталығында көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі маңынан 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен құлап, көз жұмған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 2 қараша күні таңертең болған. Жас жігіттің денесі 16 қабатты тұрғын үйдің кіреберісі маңынан табылған.
Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп мәлімдеді ведомство.
Әзірге жігіттің нақты қай қабаттан құлағаны және оқиғаның қандай жағдайда болғаны белгісіз. Сондай-ақ марқұмның осы тұрғын үйде тұрған-тұрмағаны туралы ақпарат жарияланбады.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.