Шымкентте 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы ашылды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
816

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті. Күдіктінің көршілес елде басқа қылмыс үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде, - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. 

Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді, - деді Руслан Назаров. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шаһарда 3 күн қатарынан жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдан келген үш жасар Амира Қазақ ұлттық костюмімен Таймс-скверге шығып, нағыз мереке ұйымдастыр...