Атырау қаласындағы гидропосттарда белгі 2 см-ге артып, 597 см-ге көтерілді

ҚР ТЖМ

Жаңалықтар
429

Махамбет және Индер аудандарында Жайық өзенінде су деңгейінің төмендегені байқалады. Алайда, Атырау қаласының өзінде таңғы сағат 8:00-ден бастап гидропосттарда белгі 2 см-ге артып, 597 см-ге көтерілді. Осыған байланысты ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруды және қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, ведомство басшысы көлемді бөгеттерді тексерді. Махамбет ауданының Жалғансай елді мекеніне барған кезде ТЖ министрі тасқын суды сору жұмыстарының барысымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 22 мамырда ауыл маңындағы үйінді бөгет шайылып, ауылға кіреберіс жол арқылы су жүрген  болатын. Айта кетейік, өткен тәулікте арнайы техникамен 450 мыңнан астам текше метр су сорылды.

Сәуір айынан бастап өңірде құтқарушылар тобы күшейтілді. Қосымша Қызылорда, Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан, Шымкент қаласынан ТЖМ қызметкерлері және ҚР ТЖМ 52 859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылды.

Қажет болған жағдайда ТЖМ құтқарушылары су басу орындарында адамдарды өтімділігі жоғары техникамен, оның ішінде жылжымалы құралдармен тасымалдау бойынша жұмысты жүзеге асыратын болады.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...