Шымкентте белгісіз біреулер жалғызбасты ананы 10 күн бойы зорлық-зомбылық көрсеткен

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1588

Шымкентте жалғызбасты ана өзін белгісіз біреулердің ұрлап әкетіп, қаладағы психологиялық көмек орталығында 10 күн бойы күштеп ұстап, зорлық-зомбылық көрсетіп, беймәлім құжаттарға қол қойғызғанын жария етті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Әйел ақыл-есінің түзу екенін, денсаулығына қатысты ешқандай тіркеуде тұрмайтынын айтып, президенттен көмек сұрады.

Айтуынша, ол 5 мамыр күні ғана туыстарымен хабарласуға мүмкіндік алған.

«Жедел жәрдем шақырту мақсатымен үйіме хабар жеткізгім келді, алайда ешқандай медициналық көмек көрсетілмей, қайтадан бір аяқ-қолымды байлап тастады. Он күн бойы заңсыз ұсталдым. Тек 5 мамырда туыстарыма хабарласып, сол жерде құтқарылдым. Осылайша мені шығарып алды», - деді ол.

Әйелдің сөзінше, орталықта кәмелетке толмаған балалар да күштеп ұсталып отырған көрінеді. Ол өзінің басынан өткен оқиғаға байланысты полицияға арыз жазса да, құқық қорғау органдары тергеуді бастамаған.

Алайда Шымкент қаласының полиция департаменті азаматшаның арызы бойынша қылмыстық іс тергеуге алынған дейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өтке...