Алматы облысында әскери ұшақ әуеде жоғалып кетті

Фото: envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
1990

Алматы облысында әскери ұшақ әуеде жоғалып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып жоғалып кетті. Ұшақ Отар аумағында байланысқа шықпай қалған.

Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

 

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...