Ақтөбеде жүкті әйелді алып бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды

Фото: ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1146

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жүктілігінің 39-аптасындағы әйелді тасымалдап бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

«Жол апаты «Дина» гипермаркетінің маңында болған. Toyota автокөлігі мен жедел медициналық жәрдем машинасы соқтығысқан. Қатты соққыдан медициналық көлік аударылып кетті», - деп жазды «Диапазон» басылымы.

Анықталғандай, апат кезінде бригада ауруханаға жүктілігінің 39-аптасындағы әйелді алып бара жатқан.

«Пациент жабық бас-сүйек ми жарақатын алып, миы шайқалған. Ол шұғыл түрде Ақтөбе көпбейінді облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір әйел қосымша тексеруден өтіп жатыр, дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр», — деп жазылған хабарламада.

Ал медициналық бригаданың жағдайына келетін болсақ, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, фельдшерлер ауыр жарақат алмаған.

«Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, оларға динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр», - деп толықтырды басылым. 

СПОРТ

Португалиялық БАҚ Криштиану Роналдудың осыдан бір жыл бұрын берген сұхбатын жариялады. Онда ол өзі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада Қытайдан 20 FAW жүк автокөлігін заңсыз әкелу схемасына қатысқан  үш азаматқа қатысты а...