Шымкентте мүгедектігі бар такси жүргізушісін жолаушылар ұрып-соғып, тонап кеткен

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1086

Шымкентте мүгедектігі бар такси жүргізушісін жолаушылар ұрып-соғып, тонап кеткен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ QRnews-ке сілтеме жасап. 

Шымкент соты есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жүргізушіге шабуыл жасап, тонаған екі ер адамға үкім шығарды. 

Оқиға биылғы жылдың басында “Көктем” базары маңында болған. 27 жастағы екі жолаушы діттеген мекенжайға жеткен соң, жүргізушінің естімейтінін және сөйлей алмайтынын байқап, оны ұрып-соғып, екі ұялы телефонын тартып алып қашып кеткен. Оларға тонау бабы бойынша айып тағылған. 

Сот барысында айыпталушылар кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеген. 

Сот үкімі бойынша, шабуыл жасағандардың бірі 3 жыл 9 айға, екіншісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...