Белгілі блогер Астанада балағат сөз айтқаны үшін қамауға алынды

Видеодан скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
138

Астана полициясы танымал блогер Мирас Беркінбаевтың қамауға алынғанын хабарлады. Ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның бейнежазбасы анықталған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, аталған видео кейін TikTok желісінде жариялау мақсатында түсірілген. Кейін ер адам бейнежазбаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ашық түрде жариялаған.

Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оның 32 жастағы блогер Мирас Беркінбаев екені белгілі болды.

Сот шешімімен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның бейнежазбасын анықтады. Бейнежазбаның кейін TikTok әлеуметтік желісінде жариялау мақсатында түсірілгені белгілі болды», – деп хабарлады Астана қаласының полициясы.

Полицияның хабарлауынша, құқық бұзушының жеке басы анықталғаннан кейін жиналған материалдар сотқа жолданып, сот әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қызмет барысында мерт болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет пен оның анасы сұхбат...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы үлкен өнеркәсіп кәсіпорынның қызметкерлері 23 тамызда өтетін құрылтайдың мүшелерін сайлау...