Шымкенттегі тыл ардагерінің жағдайы жаға ұстатты

Коллаж: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1668

Шымкенттегі егде жастағы тыл ардагері болған әйелдің жантүршігерлік жағдайда өмір сүретіні белгілі болды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте еріктілер тыл ардагерінің үйіне барып, оның тұрмыс жағдайын бейнеге түсірді. Еріктілердің айтуынша, әйелдің туысы оның зейнетақысын алып қояды екен. Бірақ қарияға қарайласпайды. Егде жастағы әйел тұратын баспанада тарақандар мен өзгеде жәндіктер өріп жүр. Әйелдің әпкесі оны қарттар үйіне беруден бас тартқан көрінеді. Желі қолданушылары әкімдіктен әйелдің жағдайына назар аударуды сұрады. 

Еріктілердің айтуынша, 9 мамырға орай әжеге медаль мен ақшалай көмек берілген. Алайда оны да әйелдің әпкесі қалтасына басқан.

Қазіргі уақытта әйел қалалық басқармаға қарасты әлеуметтік бейімделу орталығына орналастырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...