Ақмола облысында әйел экс-күйеуіне қайшы тығып өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1152

Ақмола облысында ұрыс-жанжалдың соңы қайғылы қазамен аяқталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар кездесіп, арада жандал туады. Ер адам экс-әйелін балағаттап, оған қол көтереді. Әйел ашуға булығып, ер адамды қайшымен жарақаттайды. Жәбірленуші ауруханада көз жұмды.

Сот барысында әйел кінәсін мойындады. Ал марқұмның туыстары әйелге кешіріп беріп, моральдық зиян өндіруден бас тартты. Экс-күйеуін абайсызда өлтірген әйел 6 жылға бостандығынан айырылды.

Сот барысында белгілі болғандай, әйел бұған дейін полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымданған. Алайда полиция тарапынан тиісті әрекет жасалмаған. Қылмыс мемлекеттік тұрғын үйде болған, ал пәтер заңсыз пайдаланылған. Осыған байланысты сот полиция мен әкімдікке жеке қаулы жолдады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Тайландта дауыс берді, деп хабарлады Maden...