Ата-анасының жағдайы ауыр: БҚО-да өртеніп кеткен бес бала оқиғасы туралы тың дерек

Фото: ulysmedia

ЖАҢАЛЫҚТАР
1665

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында өрт шығып, бес баланың өмірін қиды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 4 маусым күні күндіз тіркелген. Өрт туралы дабыл құтқару қызметіне сағат 15:03-те түскен. 

Өрт Жымпиты ауылындағы Қ. Сағырбаев көшесі, 8-үйде басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 15:09-да жеткен кезде үйдің шатыры опырылып түскен, ғимарат түгел отқа оранып, аспанға қою қара түтін көтеріліп жатқан. Құтқарушылар тобы үш минут ішінде үй ішіндегі адамдарды сыртқа шығарып үлгерген. Алайда балалар ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілгенімен, өкінішке қарай, бес бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Ең кенжесі 2023 жылы туған – жасы әлі екіге де толмаған. 

Қайтыс болған балалардың ата-анасы мен жақын туыстары ауыр психологиялық күй кешіп отыр. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...