"ҚазМұнайГаз" бен татардың "Татнефть" компаниясы әлемдік супергигант саналатын "Теңіздің" дәл жанынд...
Ақмола облысында жол қозғалысына шектеу қойылды
ашық дереккөз
1245
Сейсенбі, 6 қаңтар күні сағат 06:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Щучинскіден Көкшетауға дейінгі аралықта қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz “ҚазАвтоЖолға” сілтеме жасап.
“Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы” автожолының 242–304 шақырым аралығында (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейін) барлық түрдегі автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі”, – делінген хабарламада.
Жолдың ашылу уақыты алдын ала – 6 қаңтар күні сағат 09:00.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 колл-орталығына хабарласуға болады.