«Тез арада ота жасау керек деді»: Азамат Сатыбалды сырқаттанып қалғанын айтты

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
484

Танымал актер Азамат Сатыбалды кезекті спектальден кейін төсек тартып қалғанын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Ауырып тұрдым, аунап тұрдым. Кім білген, “СҰЛТАН БЕЙБАРЫС” спектаклін ойнай алмай қаламын деп.
Көрермендерден кешірім сұраймын. 19-ы “ЗУЛЕЙХА” спектаклін ойнап үйге бардым. 
Келесі күні, @auezovtheatre.official театрында спектакль ойнауым керек еді. Түнде 12 де басталды бір дүлей сырқат. Жанымды қоярға жер таппадым. Ішпеген дәрім жоқ. Содан таңғы төртке дейін алыстым.
Болмады. Жедел жәрдем шақыруға тура келді.
Келген бойда дәрігерлер тексеріп бірден ота жасайтынын айтты.
Әртіспісің дегендей, дәрігерге спектаклім бар еді, ертең жасасаңыз болмай ма дедім. Ол болса, бұл не деген сұмдық деп, басын ұстап таңғалды. Қандай спектакль, тез арада ота жасау керек деді.
Көнбеске амал қалмады. Жан тәтті ғой.
Не керек,бәрі сәтімен өтті. Қазір жағдайым жақсы, Аллаға шүкір. Дәрігерлерге алғысым шексіз, зыр жүгіріп бәрін жасап жатыр. Кезегімен келіп, жағдайымды сұрап кетеді.  Алла разы болсын. Ауырмаңыздар" , деді актер.

Сонымен қатар нар тұлға Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу сәтіне қатыса алмағына налығанын жеткізді.

"Бір әттеген-ай бар.
Мұхтар ағамен қоштаса алмадым. Жақсы көретін ақыным. Нар тұлғалы қоғам қайраткері еді. Алла алдынан жарылқасын ағамызды.
Жаныңыз жәннәттың төрінде шалқысын асыл ағатай", - деді Азамат Сатыбалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Жол...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) қазақстандық Ернұр Алмаханн...